Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-мен бірлесіп, «Тұқы популяциясын арттыру бойынша су айдынына балық жіберу» экологиялық акциясын өткізді.

Білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың айтуынша, бірлескен іс-шаралар балалардың құстарға, жануарларға деген қамқорлығы, сондай-ақ, табиғатты қорғауға, табиғат қорғау қызметінде танымдық дағдыларды дамытуға көмектеседі.

- Акция өзеннің балықтарын көбейту мақсатында өткізілді, - дейді Балжан Әділханова. – Шараға экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері мен зауыт жұмыскерлері қатысты. Орталық оқушылары -зауытпен бірлесе өткізетін «Құстарға қамқорлық» табиғатты қорғау іс-шараларының тұрақты қатысушылары.

Айта кетерлігі, зауыт қызметкерлері 2018 жылы өткен «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқушылардың аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуге ықпал етті. Оған қоса, «Жасыл әлем» қалалық еңбек жасағын өткізуді жоспарлауда.

pavlodarnews.kz

Тэги: тұқы, Усолка өзені, Павлодар, акция