Ақтоғай аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Динара Жансеитованың мәлімдеуінше, жарысқа барлығы 15 командадан 45 ойыншы қатысқан.

- Самат Мағзұмов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ардагер, - деді Динара Жансеитова. – Әр түрлі басшылық лауазымдарда ауданның қарқынды дамуы үшін еселі еңбек еткен. Ол өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жұмысын жүргізіп, жастардың жақсы тәлімгері болды. Бүгінгі жарыс осы ардагерімізді еске алуға арналған.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Ыдрысов атындағы мектептің оқушылары жеңіп алды. 2-орынға Тіленшин атындағы мектептің және 3-орынға Абай атындағы мектептің оқушылары лайық деп танылды.

Барлық жеңімпаздар медаль, мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал, жеңіске жеткен Ыдрысов атындағы мектеп кубокқа ие болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, Ақтоғай, шахмат