Бұл туралы қазақстандық волейбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Ел Суперкубогы үшін ақтық ойындарға 4 команда қатысты, - деді баспасөз қызметінде. – «Алтай», «Алматы», «Жетісу» клубтары мен павлодарлық «Ертіс-Қазхром» өзара ойын өткізді. Жарыста суперкубокпен қатар, клубтар арасындағы Азия чемпионатына жолдама сарапқа салынған болатын.

Павлодарлықтар алғашқы ойынды алаңа иелері «Жетісу» клубына қарсы өткізіп, 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Екінші ойында «Алтай» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен тізе бүкті. Соңғы кездесуде «Алматы» командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің қола медаліне қол жеткізді.

Айта кетейік, «Ертіс-Қазхром» клубы 27-31 қазан аралығында Қарағанды қаласында волейбодан 28-ші ҚР чемпионатының әйелдер командалары арасындағы ойындарында бақ сынайды.

Оразбек Саяхат
Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, волейбол, спорт