Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік бөлімі және БАҚ өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Әділ Иссиннің мәлімдеуінше, күн сайын Павлодар қаласының кәсіпкерлік бөлімі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мониторинг жүргізеді.

Айта кетерлігі, БАҚ-та «ПХБК» ЖШС-нің ірі жеткізушісі өнімнің босату бағасын 85 теңгеден 105 теңгеге дейін көтергеннен кейін әлеуметтік нанға бағаның көтерілуі туралы ақпарат пайда болды.

- Облыс орталығында наның орташа бағасы 85 теңгені құрайды, - дейді Әділ Иссин. – Алайда, павлодарлықтардың төмен бағамен нан алуға мүмкіндігі бар. Қаланың басқа наубайханалары «Мир хлеба» ЖК, «Ертіс Нан» ЖК, «Чемпиондар» ЖК өз өнімдерін 85 теңгеге сатады. Оның ішінде Greenwich, Small және Inmart сияқты дүкендердің өз наубайханалары бар. Нан-тоқаш өнімдерінің бір бөлкесін 65 теңгеден сатады. Inmart және Greenwich супермаркеттер желісі «Тау-нан» («Семиреченский») нанын тиісінше 85 және 75 теңгеге сатады. «Арзандау» әлеуметтік дүкенінің кәсіпкерлері әлеуметтік маңызы бар нанды сатып алып, 80 теңгеге сатады.

Сондай-ақ, бөлім басшысы кәсіпкерлік бөлімінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын ұстап тұру туралы 26 әлеуметтік дүкенмен меморандум жасалғанын атап өтті.

Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы көтерілмегенін көріп отырмыз, - дейді қалалық мәслихаттың депутаты Гүлнар Қайдарова. - Бағаның күрт өсуі жоқ. Тек «ПХБК» ЖШС ғана «Семиреченский» нанының бағасын көтерді. Біз кәсіпкерлік бөлімімен сөйлесіп, барлық әлеуметтік дүкендерді және мекен-жайларын сайтта жариялауға кеңес бердік.

Айгүл Жүсіпова

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: