Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды .

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады.

"Алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, солтүстік бөлігінің кей жерлерінде көктайғақ және тұман күтіледі. Солтүстік теңіз аймағынан кіруін жалғастырып жатқан суық ауа массалары, әрі қарай ауа температурасының төмендеуіне алып келеді, сонымен орташа көпжылдық температурадан 3…5 градусқа төмен болады деп болжанып отыр", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

pavlodarnews.kz

Тэги: