Павлодар облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, чемпионатқа еліміздің бірнеше өңірінен келген 19 команда қатысқан. Біздің өңірдің намысын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Экология және туризм балалар мен жасөспірімдер орталығының командасы қорғады.

- Команданың құрамында Экология және туризм орталығының «Вершина», «Усольский Меридиан», «Пирамида» клубтарынан 17 оқушы енді, - деді басқармада. – Жасөспірімдер тобынан 2 команда және жастар тобынан 1 команда өз бақтарын сынады. Жарыс үш жас тобында өтті: ересектер, жасөспірімдер және бозбалалар. Жарыс бағдарламасы 7 қашықтық бойынша ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы 2019 жылға арналған Қазақстан кубогында командалық есепте 2-орынды және чемпионатта 3-орынды иеленді.

- Чемпионаттың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, аймақтардағы спорттық байланыстарды дамыту, жастардың техникалық және тактикалық шеберліктерін арттыру, тәжірибе алмасу болып табылады, - деді басқармада.

Жүлдегерлерді Владислав Ридзаускас, Сергей Агалаков және Ирина Ридзаускене дайындаған.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, туристік көпсайыс, білім