Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл туралы мектептердің қамқоршылық кеңестерімен өткен жиында аймақ басшысы Болат Бақауов айтты.

Жиын алдында Павлодар облысының әкімі Instagram-да жазба жариялап, ата-аналарға өздерін толғандыратын мәселеллерді жазу туралы ұсыныс білдірді. Соған сәйкес, Болат Бақауов ата-аналар қауымымен жиынды шағымдар мен ұсыныстарды қарастырумен бастады.

- Маған жиынды өткізу тәртібін, білім беру басқармасы басшысының баяндамасын дайындады, тіпті маған қойылатын сұрақтарды да жазды, - деді аймақ басшысы. – Маған 350-ден астам пікір қалдырды. Шағымдар мен ұсыныстардың басым бөлігі мектеп парталарын, кабинет терезелерін жаңарту, жұмыс істемейтін мектеп бассейндерін қалпына келтіру және білім беру мекемелерін көріктендіруге қатысты.

Көптеген ата-аналар мектептегі тамақтану сапасына қатысты мәселені көтерді. Айтпақшы, облыс әкімі жақында ғана мектеп асханаларының бірінде түскі ас ішіп, өз пікірімен бөліскен болатын.

- Қант қосылған нан 100 теңге, бәліш - 100 теңге тұрады, - деді Болат Бақауов қамқоршылық кеңес өкілдеріне. – Асханаларда шоколад сатады. Алайда, біз үнемі бұған қарсы пікір білдіреміз!

Тамақ сапасының мәселесі қамқоршылық кеңеспен бірге шешілетін болады. Әкім жақын арада 1-ден 4-ке дейінгі сынып оқушыларын облыс бойынша тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге уәде беріп, ата-аналар қауымынан тамақ сапасын бақылауды сұрады. Бюджетке жергілікті инвесторлар мен меценаттар көмектеседі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы үнемі бөтен көліктер орын алып тұратын мектептер маңындағы көлік тұрағы мәселесін шешуді көздеп отыр. Мәселен, Павлодардағы №19 мектеп жанындағы автотұраққа көрші халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер үнемі тоқтайды.

- Мен полиция қызметкерлерінен облыстың үш қаласындағы мектептердің көлік тұрақтарын тәртіпке келтіруді сұраймын, - деді әкім. – Олар ертеңгі күннен бастайды.

Көпшілікті алаңдатқан тағы бір мәселе – 15 жастағы мектеп оқушылары үшін қоғамдық көлікте жүруге қажетті жеңілдік. Өңірде бір қарама-қайшы жағдай қалыптасты. Колледждің бірінші және екінші курс студенттері автобустар мен трамвайларда 50 пайыздық жеңілдікті пайдаланса, ал олардың мектепте оқитын құрдастары ондай мүмкіндікке ие емес.

- Біз студенттерге жеңілдіктер туралы шешім қабылдаған кезде, жоғары сынып оқушыларын назардан тыс қалдырған сияқтымыз, - деді Болат Бақауов. – Бұл мәселені міндетті түрде қарастырамыз.

Әкім олар мектептің бас бақылаушылары мен көмекшілері болуы керектігін еске салып, қамқоршылық кеңестерді әрекетке көшуге шақырды. Ата-аналар мұндай кездесулерді жиі өткізуді өтінді, Болат Бақауов келісті.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мектеп, тамақ, білім