Бұл туралы Павлодар облысының статистика департаменті мәлім етті.

- 2019 жылғы 1 қазанға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,1 пайызға ұлғайды және 46,4 мың бірлікті құрады, - деді департаментте. – Оның ішінде: 9,9 мың – заңды тұлғалар, 33 мың – жеке кәсіпкерлер, 3,5 мың – шаруа немесе фермерлік қожалықтар.

2019 жылғы 1 шілдеге шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 3,5 пайызға өсті және 135 мың адамға жетті.

Айта кетейік, 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару (салыстырмалы бағада) 24,3 пайызға ұлғайды және 351,5 млрд теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 2,8 пайызды құрады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, кәсіпкерлік