Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ОҚК брифингінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін вакцинациядан негізсіз бас тарту салдарынан баланың денсаулығына қауіп төндірсе, ата-аналарға айыппұл салуды ұсынылған.
Бекшин бұл норманың кодекс жобасында жоқ екенін түсіндірді.

"Айыппұл тек мектепке дейінгі мекеме басшыларына қатысты. Ата-аналарына айыппұл салынбайды", - дейді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, екпе салынбаған балаларды балабақшаларға қабылданбайды. Егер мектепке дейінгі мекеме басшысы екпе салынбаған баланы қабылдаса, айыппұл салынуы мүмкін.

"Біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Егер мекеме басшысы шара қолданбаса, бұйрық шығарамыз. Бұйрық орындалмаған жағдайда іс сотқа беріледі. Айыппұл көлемі - 15 АЕК (37,8 мың теңге). Бұл норма денсаулық сақтау жаңа кодексі қабылдаған кезде күшіне енеді", - деді Бекшин.

pavlodarnews.kz

Тэги: