Бұл туралы гимназияның баспасөз қызметі мәлім етті.

- Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызмет етіп жүрген бір топ түлектеріміз бен алдыңғы жылдары осы мектепте қызмет жасаған ұстаздар оқушыларымызға 15 домбыра, Назарбаев зияткерлік мектебінің тарихы жайлы кітап пен оқушылар туындысын сыйға тартты, - деді баспасөз қызметінде. – Шара барысында меймандар оқушылармен кездесу өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Еңбек жолын гимназия қабырғасында бастап, кейін химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызметтерін жалғастырып жүрген мұғалімдер және мектеп түлектері қара шаңырақтарына айналған алтын ұя мектептеріне деген ізгі тілектерін, сағыныштарын білдіріп, гимназияда өткен күндерін еске алды.

Кеш соңында қонақтар арнайы ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалап, мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ы.Алтынсарин гимназиясы, білім