Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған шағын ауданның бір тұрғыны әкімнің WhatsApp нөміріне хат жолдап, кездесу ұйымдастыруды өтінген.

- Кездесу барысында тұрғындар шағын ауданды көріктендіруге қатысты мәселелерді көтерді. Нәтижесінде қала әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бір апта ішінде Димитров көшесін жарықтандыруды, қыста жеке сектордағы қарды шығаруды, Деров көшесіне дейінгі жолдың жиектерін төсеуді, Архангельская аялдамасы маңында жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, - деді баспасөз қызметінде.

Әкімдікте тұрғындар қойған барлық сұрақтар қала әкімінің жеке бақылауында болатынын және бұндай кездесулер үнемі өткізіліп тұратынын айтты.

Еске салайық, биыл Екінші Павлодарда кәріз құбырларын төсеу басталды. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. Біріншісі ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Бұл 8 көшенің тұрғындарын кәрізбен қамтамасыз етеді. Екінші кезең аясында жеке сектордың тағы 5 көшесі қамтылады.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қала әкімі, кездесу