Бір күн бұрын Болат Бақауов өңірдегі қамқоршылық кеңес өкілдерімен кездескен болатын. Бүгін таңертең әкім сұрақ туындаған Павлодардың әр мектебін аралады.

№39 мектепте аймақ басшысы жұмысы тоқтап қалған бассейнді тексеріп, мәселені жеткізбей үнсіз отырған мекеме директорына және білім беру жүйесінің қызметкерлеріне наразылық білдірді.

- Біз осындай бассейндерді іздеп жүрсек, бұнда дерлік дайын тұрған бассейн бар екен, - деді Болат Бақауов. – Мен бірнеше жыл бұрын Беларуссияға жұмыс сапарымен барғанымда жүзу сабақтары мектеп бағдарламасына енгізілгенін көрдім. Бізде бұл үшін инфрақұрылым бар. Сондықтан оны қалпына келтірейік. Жобаны дайындау керек және бұл бассейнді жөндеуден өткізу қажет.

№35 мектепте облыс әкімі асханаға кіріп, жалға алушымен сөйлесті. Ол ыстық тамақ жөнінде мәселелер туындаған оқу орындарында қамқоршылық кеңеспен бөлек жиналыстар өткізу қажет екенін атап өтті.

- Біз үшін бастысы – балалар да, олардың ата-аналары да ыстық тамақтың сапасы мен бағасына қанағаттануы керек, - деді аймақ басшысы. – Жалпы, жалға алушылардың асханаларда қалай жұмыс істейтініне назар аудару керек. Жабдықтарды жаңартып, дамуға қаржы салу үшін олармен бір жылға емес, бірнеше жылға келісім жасасу қажет. Осы механизммен біз жол салушылармен жұмыс істейміз. Олар жолдарды күтіп ұстауға арналған үш жылдық келісім барысында жабдық сатып алып, тыныш жұмыс істей алады.

№19 мектепте әкімді балаларының қауіпсіздігіне тағы бір рет алаңдаушылық білдірген ата-аналар қарсы алды. Мәселе – мектептің айналасында көлік қозғалысы өте қарқынды. Адамдар көрші халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көші-қон қызметтері орталығына көп келеді. Сондықтан аналар мен әкелер мектеп оқушыларына алаңдаулы.

- Мүмкін Павлов көшесінде жаяу жүргіншілер өткелін жасап, оның екі жағына жылдамдық азайтуға арналған құрылғылар қоюға болатын шығар, - деді бастамашыл топ аймақ басшысына. – Мектебіміздің аумағында әрдайым көліктер көп. Кейде балалардың қауіпсіз екеніне сенімді болу үшін ата-аналар балаларды өздері, кейде тіпті жоғары сынып оқушыларын да алып кетуге мәжбүр.

Болат Бақауов қала әкіміне және облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысына бұл мәселені шешуді тапсырды. Қала әкімі Қайрат Нүкеновтің айтуынша, егер ауа райы мүмкіндік берсе, 1 қарашаға дейін бәрін жасайды.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мектеп, мәселе, әкім, білім