Бұл туралы tengrinews.kz тілшісі ust-kut24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, басшылық өкілдері оны мұнай өндірумен айналысатын компанияға жұмысқа алмай қойған. Нәтижесінде ер адам ішімдік ішіп, Қазақстанға оралатынын айтқан. Бірақ пойыз басшылығының өкілдері оны мұндай күйде үйге кетуге болмайтынын айтқан.

Осылайша, ол пойыздың тоқтауына бірнеше уақыт қалғанда мұнараға шығып алып, оған біреулер жақындаса, суицид жасаймын деп қорқытқан. Бірақ, қуанышқа орай, көлік полициясының басшылығы қазақстандықтың анасымен байланысқа шығып, ер адамды көндіру мүмкін болды.

Кейінірек, басылымның мәліметінше, ер адам ірі мөлшерде айыппұл төлеген. Сондай-ақ, оған енді Ресейге кіруге тыйым салынуы мүмкін екені айтылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: