Шығыс Қазақстан облысының Кубогына арналған жарысқа еліміздің әр өңірінен 370-ке жуық жас биші қатысты. Павлодар облысының намысын қорғаған «Классик» спорт клубының өнерпаздары жүлдегерлер қатарына енді.

Жарыс ережесі бойынша үміткерлер жекелей және жұп болып сынға түсіп, 3 кезеңде түрлі билерін ортаға салды. Павлодарлық Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахымның жұбы 3 кезеңде де сәтті өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс жүлдеге ие болды.

- Балаларымыз 8 жаста, - деді Інжудің анасы Гүлсім Төлебаева. – Бірінші кезеңде – вальс, екіншіде – латын биі, үшіншіде Вена вальсін биледі. Алғашқы кезеңде 2-орын, қалған екі кезеңде 1-орынға қол жеткізді. 5 жастарынан бастап бимен шұғылданып келеді. Осы уақытқа дейін республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, 79 алтын медаль еншіледі. Қараша айында Омыбада өтетін халықаралық жарыста бақ сынайды.

Сонымен қатар, «Классик» спорт клубының Тимур-Алан Йеншке мен Алиса Рымарь жұбы қола медаль иеленді.

Айта кетейік, аталған спорттық би жарысында Павлодар облысынан 15-тен астам биші қатысқан болатын.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, спорттық би, жарыс