- Базаның ашылуы үшін тек қарды күтудеміз, - деп мәлімдеді туризм және спортты дамыту жөніндегі өңірлік басқарма басшысы Марат Айдашев. - Басқарушы компания төменгі және жоғарғы станцияларды абаттандырды, таудың жоғарғы жотасына қар тоқтату орнатты, қоғамдық тамақтану пункті мен керек-жарақтарды жалға беру үшін үй-жайларды абаттандырды. Сонымен қатар, тастарды шығарды және шаңғы трассаларына құм шашты.

Сондай-ақ, Мырзашоқыға ұзындығы 300-400 метр балалар мен жаңадан бастаған шаңғышылар үшін жол салынды. Тауға жеңіл көтеру үшін бұл жерде бугель орнатылған.

- Маусымның басына дейін тауға баратын жолды абаттандыру ғана қалды, - деп атап өтті Марат Айдашев. - Бұдан басқа, кешенді сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Мырзашоқы көлінен 1,7 шақырым жерде ұңғыма бұрғыланды, жақын арада базаға су беру үшін құбырлар салынады.

Еске сала кетейік, Баянауыл ауданындағы Мырзашоқы тауындағы тау- шаңғы кешені 2018 жылдың соңында ресми түрде іске қосылды. Өткен маусымда базаға 5 мыңнан астам адам барған. Осы маусымда Мырзашоқы базасы бұдан да көп қонақтарды күтуге дайын.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, Баянауыл, Мырзашоқы, тау-шаңғы базасы, Болат Бақауов