Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды деп BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

"Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарлануда. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады", - делінген жазбада.

pavlodarnews.kz

Тэги: