«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әзірге ВКонтакте жүйесінде – 19 және Facebook арқылы 15 қызмет қолжетімді.

- Осыған дейін мұндай қызметті Telegram қосымшасындағы egovkzbot-тан алып, сервистерді пайдалануға болатын, - дейді баспасөз қызметінде. – Енді Facebook арқылы қызметтерді алу үшін әлеуметтік желінің мэссенджерінде «Портал egov.kz» жазуын енгізіп, бот сілтемесін бассаңыз, Сізге бірден қызметтер мәзірі шығады.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі сервисті қолдану үшін «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесін таңдау керек. Қажетті қызметтер мен сервистерді алу үшін ЖСН мен телефон нөмірі сұратылатын болады.

Айта кетерлігі, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызмет боттарын смартфон және ноутбуктен пайдалану мүмкіндігі бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мемлекеттік анықтама, Facebook, VK