Облыстық ЖП баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 21 қазан - 27 қазан аралығында өткізілетін шараның негізгі мақсаты - жол қозғалысына қатысушылар арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу болып табылады.

Акция барысында түнгі уақытта жол-патрульдік полиция нарядтары күшейтілді. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторлары да қатысуда.

- Доңғалақтарды уақытында ауыстырмау салдарынан жүргізуші мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпті, - деді департаментте. - Өз темір тұлпарларының техникалық жағдайына уақытында назар аудармаған жүргізушілердің автокөліктері жиі жол-көлік оқиғасына себеп болады. Мысалы, алғашқы қар түскен күні облыста үш жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Екібастұз қаласында сағат 20.00-де «Батыр» БӨП ауданында 33 жастағы «Mazda-626» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, 60 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Lada Kalina» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. ЖКО салдарынан «Lada Ka-lina» автокөлігінің жүргізушісі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Оған қоса, Ақсу қаласы «Ленин-Русская Поляна» автожолының 31 км қашықтықтағы Сарышығанақ және Суаткөл ауылдарының жанында «ВАЗ-2106» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі 19 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «AUDI 80» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. ЖКО салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Баянауыл ауданында сағат 7.10-да Лекер ауылының жанында «Қалқаман-Керней» автожолының 10 шақырымында Алматы облысының тұрғыны 20 жастағы «Тойота-Камри» автокөлігінің жүргізушісі рөлді игере алмай аударылып кеткен. ЖКО нәтижесінде Алматы облысында тұратын 1980 жылғы және 1996 жылғы жолаушылар жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Автокөліктер айып тұрағына жеткізілген.

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, жол-көлік оқиғасы, Екібастұз, Ақсу, Баянауыл