ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Павлодар «ӘКК «ҰК» АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры пара алды деп айыпталуда.

- Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Павлодар «ӘКК» «ҰК» АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деді баспасөз қызметінде. – Ол аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқаны үшін кәсіпкерлерден бұрын келісілген 1 миллион теңгенің 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Корпоративтік қордың бас директоры ұсталып, Павлодар қ. ПБ-ның УҰИ-ына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жемқорлыққа қарсы күрес