Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс аумағында синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесуге бағытталған іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.

- Қазан айында Екібастұз қаласында полиция басқармасының қызметкерлерімен есірткі қылмысына қарсы әрекет ету бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды, - дейді департаментте. - Ер адамның қалтасынан полиэтилен орамасы табылып, сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде орамада есірткі екені анықталды. Жалпы салмағы - 3 грамнан астам. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Айта кетерлігі, интернетте синтетикалық есірткі заттарын сату туралы ақпарат жарияланады. Аккаунт блогерлері көбінесе граффити жазбаларын жариялау арқылы жарнама жасап жатқандарын түсінбестен, осы ақпараттардың таратылуына ықпал етеді.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: