Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше кешкі сағат 19:10-да Сенной тар көшесі, 141-ші үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

- Екі қабатты, бес бөлмелі кірпіш үйде өрт шықты, - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. – Пештің мойны мен мұржасының тым қатты қызғанының салдарынан шатыр мен төбенің ағаш құрылыстарының, сондай-ақ жылытатын құрылыстардың бықсуы орын алды. Жалын үш шаршы метр ауданды қамтыды.

Жалын көзі 19:30-да оқшауланып, 19:55-те жойылды. Оқиға орнында №3 өрт сөндіру бөлімшесі жеке құрамының бес адамы және бір автоцистерна жұмыс істеді. Өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болғаны анықталды.

Сондай-ақ дәл сол күні кешке сағат 20:11-де Елгин көшесі, 41 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы жеке меншік асханада жалын оты бой көрсетті. Мұнда мұздатқыш жанып кетті. Өрт екі шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт 20:25-те ауыздықталып, 20:28-де жойылды.

Оқиға орнында №3 өрт сөндіру бөлімшесі жеке құрамынан алты адам, бір автоцистерна мен бір автосаты жұмыс істеді.

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: өрт сөндіру, ТЖД, төтенше жағдайлар, үй