Мәшһүр Жүсіп мешіті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, хатты ауқымды шараға арнайы келген ҚМДБ діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев оқып берді.

- Бас мүфти Ертіс өңірі ежелден от ауызды, орақ тілді билерді, дәулескер шешендерді, болашақты айнытпай болжаған көсемдерді, жауынан бір қайтпаған батырларды, су жорға ақындарды, күміс көмей әншілерді әлдилеген өңір екенін атап өтті, - деді баспасөз қызметінде. – Баршаға Алланың амандығы мен берекетін тілеп, имамдарға ізгі тілегі мен дұғай сәлемін жолдады.

Сондай-ақ Серікбай қажы Ораз өңір имамдарына арнаған құттықтау хатында аймақтық имамдар форумы елдің игілігі мен ізгілігі, бірлігі мен берекесі сынды ортақ мүддеге топтастырып, жақсылыққа жұмылдырып отырғаны айтылған.

- Бұл – 23 қазанда арқа төсінде, Елорда төрінде өткен ІІІ республикалық имамдар форумының Павлодар облысында жалғасын тапқан берекелі жиын. Аймақтық имамдар форумының сәтті өтуіне тілектестігімді білдіремін. Алла жар болсын! - делінген хатта.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, имам, форум