Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев атап өткендей, 2018 жылдан бастап 32 ауылдық округте енгізілген бюджеттердің жалпы көлемі 4,9 миллиард теңге болып, жеке кірістердің сомасы 479,3 миллион теңгені құраған еді.

- Биыл жергілікті қауымдастықтың бюджеті 20%-ға артып, 5,9 миллиард теңгеге жетті. Бұл бірінші кезекте бюджеттік сала қызметкерлері жалақысының өсуіне байланысты болды. Жеке кірістер 503,8 миллион теңге көлемінде бекітілді. Оның 93,8%-ы - салықтық түсімдер, - дейді Мақсат Тұрлыбаев.

Аталған соманың 2,5 миллиард теңгесі немесе 40% әлеуметтік салаға жұмсалды. 32 ауылдық округтің бір адамға шаққанда жалпы бюджеті 40 мың теңгені құрады. 2018 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ға артық. 

Мақсат Тұрлыбаевтың сөзіне қарағанда, биылғы жылы Павлодар ауданының 11 және Ақсу ауылдық аймағының алты ауылдық округі кірістер бойынша жоспарды асыра орындады. Сол үшін облыс басшылығы аталмыш ауылдардың бюджеттеріне бонус ретінде қосымша 38 миллион теңге бөлді.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: 4-деңгейлі бюджет, экономика, ауылдық округтер, қаражат, тұрғындар