Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, келер жылы қалған 94 ауылдық округте жеке бюджеттер енгізіледі.

2020 жылы жергілікті қоғамдастық бюджетінің жалпы көлемі 7,5 миллиард теңгеге жетеді.

- Ол үшін ауыл әкімдері мен әкім аппаратының қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары тұрақты түрде өткізілуде, - дейді Мақсат Тұрлыбаев. – Мәселен, қыркүйекте Ертіс ауданы мен Екібастұз қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Азия даму банкі өкілдерінің қатысуымен көшпелі семинар өтті. Оған қоса, қараша айында облыс орталығында тағы қосымша үш семинар өткізу жоспарлануда.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы атап өткендей, ауылдық округтерде төртінші деңгейлі бюджетті енгізу арқасында ауылдардың қаржылық мүмкіндіктері кеңейіп, ауыл тұрғындарының жергілікті мәселелерді шешудегі рөлі артты.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика, бюджет, Мақсат Тұрлыбаев, 4-деңгейлі бюджет, ауылдық округтер