Бұл туралы облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы Нұрсұлтан Абыкешев мәлім етті.

- Қазан қаласындағы «Ак Барс» жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасында белбеу күресінен 17-ші Әлем чемпионаты басталған болатын, - деді Нұрсұлтан Абыкешев. – 18 жастан жоғары спортшылар белбеу күресінің еркін және классикалық стилінде сынға түсуде. Ерлер 57, 62, 68, 75, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақта, әйелдер болса, 52, 58, 66, 76 және 76 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша күш сынасуда.

Павлодар облысының спортшысы, Қазақстан құрамасының мүшесі Ернұр Қабатаев классикалық стильде бақ сынап, 57 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, ерлер мен әйелдер арасындағы белбеу күресінен 17-ші Әлем чемпионатына 40 елден 200-ден астам спортшы қатысуда.

Оразбек Саяхат
Фото: облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, белбеу күресі, спорт