Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев ауылдық жерлерде кадрлар жетіспеушілігі мәселесін қозғады.

- Халық саны 1500-3000 адамнан тұратын ауылдық округтер әкімдіктеріндегі қызметкерлердің лимиті 5-7 адам деп бекітілген, - деді Мақсат Тұрлыбаев. – Әрбір қызметкер 100-ден аса функцияны орындайды. Біздің ойымызша, әрбір жұмыскерге артылатын жүкті азайтып, оның орындайтын қызметінің сапасын арттыру үшін ауылдық округтер әкімі аппаратының штат санын 7-9 адамға арттыру керек.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысының айтуынша, басқарма өкілдері орталық атқарушы органдарға осыған сәйкес ұсыныс жолдаған.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: ауыл, әкімдік, мемлекеттік қызмет, Мақсат Тұрлыбаев