Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болады.

Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумағында жаяу бұрқасын жүреді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с жетеді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: