- Мектептердегі жұмыс режимі бойынша мұғалімдер қауымына өз позициямызды белгілейік дедік. Сонымен келесідей шешім ұсынылды, - деп жазады өңірдің бас ұстазы.

1) Сенбі күні факультативтер, арнайы курстар, үйірмелер өткізілетін барлық мектептердің басшыларына сабақтарды оқу күндерінің (дүйсенбі-жұма) екінші жартысына ауыстыру жолымен бұл күнді босату қажет. Бұл ретте, балалардың оқу сабақтары сағат 19.00-ден кешіктірмей аяқталуы тиіс.

2) Сенбі педагогтың өздігінен білім алу күні болып белгіленеді. Сенбі күні мұғалімдердің мектепте болуы міндетті емес.

3) Айына бір рет директор мектептің жоспары бойынша сенбі күні әдістемелік немесе педагогикалық кеңес өткізеді. Педагог қызметкерлердің қатысуы міндетті.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мектептердегі жұмыс режимі бойынша Қазір мұғалім қауымына осы мәселе бойынша да өз позициямызды белгілейік дедік. Сонымен келесі шешім ұсынылды: 1) Сенбі күні факультативтер, арнайы курстар, үйірмелер өткізілетін барлық мектептердің басшыларына сабақтарды оқу күндерінің (дүйсенбі-жұма) екінші жартысына ауыстыру жолымен бұл күнді босату қажет. Бұл ретте, балалардың оқу сабақтары сағат 19-00-дан кешіктірілмей аяқталуы тиіс. 2) Сенбі педагогтың өздігінен білім алу күні болып белгіленеді. Сенбі күні мұғалімдердің мектепте болуы міндетті емес. 3) Айына бір рет директор мектептің жоспары бойынша сенбі күні әдістемелік немесе педагогикалық кеңес өткізеді. Педагог қызметкерлердің қатысуы міндетті. Осылайша, барлық орта білім беру ұйымдарында алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді (5 – оқу күні (дүйсенбі-жұма), 1 - педагогтың өздігінен білім алу күні. Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша аталған ұсынымдар әлеуметтік әріптестік аясында «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-мен келісілді.

Публикация от Dinislam Bolatkhanuly (@dinislambolatkhanuly) 5 Ноя 2019 в 5:44 PST

 

Осылайша, барлық орта білім беру ұйымдарында алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді (5 – оқу күні (дүйсенбі - жұма), 1 күн (сенбі) - педагогтың өздігінен білім алу күні. Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша аталған ұсынымдар әлеуметтік әріптестік аясында «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-мен келісілген.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам