Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, компания қызметкерлері жұма күні де демалған. Қызметкерлер бір ай бойы осылай жұмыс істеген және олардың 92 пайызы бұл тәртіпті қолдайтындарын жеткізген.

«Тәжірибеге қатысқандар кездесулерді азайтқан, онлайн қарым-қатынасқа көшкен. Сонымен қатар, электр энергиясын тұтынуды 23,1 пайызға азайтса, бұрынғыдан 58,7 пайызға аз қағаз шығарған. Осылайша бес күндік жұмыс аптасына қарағанда тиімділік 16 пайызға артқан» деп жазады автор.

Оның айтуынша, қызметкерлер төрт күндік жұмыс аптасы жүйесін әлі толық түсіне алмай жүр.

Соңғы кездері төрт күндік жұмыс аптасы туралы жиі айтылып жүргенімен, оған қарсы тарап та бар. Мысалы, Alibaba компаниясының басшысы Джек Ма 12 сағаттық жұмыс аптасын қолдайтынын айтты. Биыл сәуір айында ол қызметкерлер аптасына алты күн сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеу керек екенін, яғни «996» моделінің дұрыс екенін айтқан еді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: