Бұл туралы өңірлік статистка департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

-  Нан өнімдеріне және жармаларға – 3,8%-ға, күрішке 2,7%-ға бағаның өсуі байқалды.   Дегенмен қант бағасы 4,5%-ға төмендеді, - деп жазылған хабарламада.

Азық-түлік емес тауарлар нарығында қатты отынға – 1,9%-ға, фармацевтикалық өнімдерге 0,7%-ға баға  өскен.

Ақылы қызметтер бойынша шаштараз қызметтеріне – 2,8%-ға, көлік қызметтеріне 0,8%-ға баға  артқан.

Павлодар облысы бойынша 2019 жылғы қазан айында тұтыну бағаларының индексі 100,7%-ды, азық-түлік тауарларына 101,2%-ды, азық-түлік емес тауарларға және ақылы қызметтерге 100,3%-дан құрады.

 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, экономика, Павлодар облысы