Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтіп, өз жобасын жүзеге асыру үшін  200 АЕК көлемінде, яғни 505 мың теңге ақшалай грант алған.

- Мен өз ісімді осы жылдың тамыз айында аштым, - дейді жас кәсіпкер. –  Соның негізінде жеңіл әрі пайдалы тамақ түрлерін дайындау туралы шешім қабылдадым. Жылдам тамақтану пунктін ашуға қажетті жабдықтар сатып алу үшін өз  қаржымнан бөлек  қосымша қаражат қажет болды.

Жас кәсіпкер «Бастау Бизнес»  жобасы туралы осы бағдарламаға қатысып, грант алған достарынан білген. Бұдан кейін әлеуметтік желіде, теледидар арқылы бағдарлама туралы естіп, жұмыспен қамту орталығына барған.

Осылайша, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша курстан өтіп, бір айдан кейін кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткені туралы сертификат алды.

Кәсіпкерлік дағдыларды үйрету жөніндегі «Бастау Бизнес» жобасының мақсаты жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік гранттар бағдарлама қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес өз кәсібін ашуға қажетті еңбек құралдарын, техникалық жабдықтар, ауылдық жерде мал басын  сатып алуға жұмсалады. 100 немесе 200 АЕК көлеміндегі гранттар  өтеусіз негізде беріледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Аққулы ауданы, кәсіпкерлік