Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- № 2 бағыттағы қалалық жолаушылар көлігінің мотор бөлігінде 0,5 қума метр электр сымдары тұтанған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізуші жалынды ұнтақты өрт сөндіргішпен өшіріп үлгерген. Ішінде болған ересек 7 адам өздігінен сыртқа шыққан, - дейді департаментте.

 

 

Автобустың тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнында № 3 өрт сөндіру бөлімінен 10 адам мен екі автоцистерна жұмыс істеді.

Сондай-ақ, «Мелиоратор» бағбаншылығында Цветочная көшесі, 28 мекенжайы бойынша орналасқан кірпіштен қаланған саяжайдың 30 шаршы метр аумағында ағаш құрылымдар толығымен жанып кеткен. Тілсіз жау қасындағы Цветочная көшесіндегі 30-шы үйдің 10 шаршы метрін шарпып өткен. Саяжай иелері анықталуда.

Сағат 00.25-те Екібастұз қаласында Қонаев көшесінде  жеке кәсіпкерлік базасында профлистпен қапталған 20 шаршы метр аумақта ағаш вагон жанып кетті. Өрттің шығуына пешті қолдану ережелерін сақтамау себеп болған. Өрт сағат 01.02-де № 2 өрт сөндіру бөлімінен бес адам және бір автоцистернаның көмегімен сөндірілді.

Ақбота Сейсенбаева

Скрин: tipavlo.dar

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам