Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, XVI Қазақстан-Ресей өңіраралық әріптестік форумы 6 қараша күні Омбы қаласында басталды.

Бүгін, 7 қараша күні өтетін іс-шараларға форумның құрметті қонақтары: екі елдің президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады.

Олар «Өңіраралық әріптестікті дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы пленарлық отырыстың ашылуын жүргізеді. Кездесуде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов баяндама жасайды.

Форум барысында өңіралық келісімдерге қол қою рәсімі өтеді. Болат Бақауов ресейлік әріптестерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қояды

 Фото: Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика