Атмосфералық ауа ағындардың бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Кей жерлерінде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады, жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Ақмола облысында 23 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетуі ықтимал. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: