«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш байқауы жеңіл өнеркәсіпте қызмет ететін бизнесмендерге арналған.

- Бұл жерде жеңіл өнеркәсіпте енді тәжірибе жинақтап жатқан жас дизайнерлерге өзі, қолөнері туралы фэшн-индустрияның хас шеберлерімен бір деңгейде айтуға, көрсетуге мүмкіндік жасалды, - дейді баспасөз қызметінде.

Айдан Кәрім 16 жасынан бастап модельер кәсібін игере бастаған.

- Altyn Oimaq - менің қатысып жатқан үшінші байқауым. Байқауға «Спорт киімі» және «Іскерлік костюм» аталымдарында киім үлгілерін ұсындым. Дизайнерлер байқауы көңілімнен шықты. Жеке басыма екі жылдық үзілістен кейін киім тігуге оралуға ынта-жігер берді. Соңғы жылдары көркем өнерге ден қойып едім, - дейді Айдан Кәрім.

Оның айтуынша, экологиялық таза материалдардан киім тігу арқылы ол әлемге пайда әкелгісі келеді. Қазірде жас кәсіпкер жеткізушілерді іздестіру үстінде.

pavlodarnews.kz

Тэги: кәсіпкерлер Палатасы, бизнес, Айдан Кәрім, Азия даму банкі, мода, киім тігу