Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды деп BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Омбы қаласындағы ынтымақтастық Форумының ресми шараларынан кейін мемлекет басшылары бір-біріне естелік ретінде сыйлық жасады.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Қазақстан президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының екі томын сыйлады, - деп жазды ол.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: