Жастармен кездесуге еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты. Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асхат Оралов шағын форумның модераторы болды.

- Бүгінгі кездесуге әр салада жұмыс істейтін 100-ден астам жас мамандар мен студенттер қатысып отыр, - деді Асхат Оралов. - Олар өңіріміздің үш жоғары оқу орындарының, колледждердің білім алушылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жас көсбасшылар, жұмысшы жастар, жас кәсіпкерлер, ұстаздар және дәрігерлер. Қоғамның әр саласындағы өкілдер жиналғандықтан керемет сұхбат құрамыз деген ойдамын.

Ертіс өңірінің жас кәсіпкерлері қонақтарға өздерінің бизнес жобаларын көрсетті. Көрмеге әртүрлі тауарлар қойылды. Атап айтқанда, қолдан жасалған 3D-принтерден шығарылған креативті жиһаздар, түрлі піспенан формалары мен оттегі коктейльдері.

Көрмеге қатысушылардың бірі «Табиғат күші» сауықтыру орталығының басқарушы әкімшісі Әйгерім Билялова Екібастұздан табиғи медицинаның тұз шамы, витаминдер, крем, май, бальзамдар, Марал мүйіздері сияқты ондаған тауарын әкелді.

- «Табиғат күші» сауықтыру орталығы Екібастұзда орналасқан, - дейді Әйгерім Билялова.  - Біздің негізгі бағытымыз - пантомализация. Марал мүйізі жақын маңдағы Марал шаруашылығынан әкелінеді. Мүйізбен емдеу Катон-Қарағай және Белокурихта сұранысқа ие, бірақ бұл бәріне қол жетімді емес. Бізге жүрек-қантамыр аурулары, артрит, артроз, цистит және басқа да ауруларды емдеу немесе алдын алу үшін жүгінеді. Бізде үлкен Мәскеу гала үңгірінің прототипі бойынша салынған керемет тұзды үңгір бар. Сондай-ақ қытайлық уқалаушылар, ине терапевттері жұмыс істейді. Алакөл көлінен балшықпен емдеу бар. Екібастұз қаласында бізді бәрі біледі. Жоспар бойынша Павлодар және Жасыбай көлінің демалыс аймағында филиал ашқымыз келеді.

Жас кәсіпкерлерден басқа диалогқа еріктілер, түрлі қоғамдық ұйымдардың, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының өкілдері, студенттер, ғалымдар, оқытушылар, зауыт жұмысшылары, әдебиет және өнер қайраткерлері қатысты.

«Жасыл ел» облыстық штабының басшысы Роман Краснощеков тыңдаушыларға биылғы жылы ұйымның еңбек топтары төрт мыңға жуық ағаш отырғызғанын, оның жартысы тірі қалғанын айтты.

Еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары мен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жастар мемлекеттік бағдарламалары, білім беру реформалары туралы сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар, белсенділер Қазақстанда ресми жастар болып саналатын 14-29 жастағы адамдар санатының жасын 14-44 жасқа ұлғайту туралы ұсыныс жасалды.

 

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев жастарға көп оқып, мақсатқа жету жолында талапшыл болуға кеңес берді.

- 20 жылдан кейін сіз бен біздің балаларымыз дүниеге келген және өскен елін мақтан тұтуы үшін барлығын жасауымыз керек, - деді вице-премьер.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі жас қазақстандықтар үшін мемлекеттік қолдау шараларын еске салды.

- Мен сіздерді осындай мықты мектептер, колледждер мен университеттер бар екендігімен құттықтағым келеді, - деді Марат Әзілханов. - Мыңдаған грантты қазақстандықтар жақсы жұмыс пен жақсы баспана алу үшін алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа кәсіптердің атласын әзірлейді. Бізге тек бүгін ғана емес, ертең де жұмыс істеуге дайын адамдар қажет. Жастар үшін бастамаларды қолдауға қабілетті «Еңбек», «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бар. Биыл 426 жас «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша грантқа ие болды. Менің ойымша, жұмыс істегісі келмейтін және оны іздемейтін адамдар үшін ғана жұмыс жоқ.

Фото: Валерий Бугаев, Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: жастар, Павлодар, Бердібек Сапарбаев