Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Киберқарулар қауқары жағынан ядролық қарудан да асып түсуі мүмкін. Бұл саланы қалай реттеуді әзірге ешкім білмейді. Бөліп жару қиын, мемлекет пе, әлде мемлекеттік емес құрылым ба. Сол себепті киберқарулар террористік мақсатта қолданылатын болса, әрине бұл қорқынышты. Қазір онсыз да сенім аз. Ресей Федерациясының батыс серіктестерімен, бірінші кезекте АҚШ пен арадағы сенімді айтуға болады. Мұнымен қоса кибершабуылдар жүріп жатыр. АҚШ-тағы сайлауға Ресейдің араласуы туралы түсініксіз әңгіме бар. Мемлекет араласты деп айтып жатыр. Егер қандайда бір араласу болса бұл сөзсіз мемлекет емес. Киберден басқа жасанды интеллект секілді цифрлық қарулар барын атап өтті, - деді ол.

11-12 қараша күндері "Назарбаев Орталығында" әлемнің жетекші дипломаттары мен саясаткерлерінің және сарапшыларының басын біріктірген саяси форум түріндегі халықаралық беделді пікірталас алаңы - "Астана Клубының" бесінші отырысы өтуде. Клубты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Әлемдік экономика және саясат институты.

Осыған дейін АҚШ-тың Азияға ракеталарын орналастырудан төнетін қауіп қандай екені туралы жазғанбыз. Сондай-ақ, халықаралық институттардың потенциалы төмендеп бара жатқаны туралы сарапшы пікірін осыған дейін жариялағанбыз.

pavlodarnews.kz

Тэги: