Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді мәлім етті. 

- 2019 жылы 9 қарашада сағат 17.20 минутта «Ақжол» бақылау-өткізу пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде полиция қызметкерлерімен тексеру үшін 1988 жылғы ер адамның басқаруындағы «Toyota Previa» маркалы жеңіл автокөлік тоқтатылды. Тексеріс барысында ер адам сол жақ аяғының шұлығында тыйым салынған зат – гашиш бар екенін айтқан, - дейді Бағдат Амангелді.

Аталған азамат жедел тергеу тобына тапсырылып, медициналық куәландыруға жіберілді. Жедел-талдау нәтижесі оның есірткі заттарын қолданғанын көрсетті.

Полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, көлік айып тұрағына қойылды. Алынған заттың салмағы - шамамен 3 грамм.

Еске сала кетейік, биылғы жылы маусым айында Арес қызметтік иті Өскемен қаласының тұрғыны иығына асып алған борсеткаға белсенді мінез-құлықпен көрсетіп, қылмысты ашуға көмектескен. Сөмкенің ішінен өсімдік тектес сұр-жасыл зат бар қағаз орамасы алынды.

 

Томирис Бекжан

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам