Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 18.26-да Баскөл ауылында 80 шаршы метр аумақта 12 тонна шөп жанған. Шаруашылық алаңы № 19 өрт сөндіру бөлімінен 30 шақырым қашықтықта Шәкен Айманов көшесінде орналасқан, - дейді департаментте.

Тілсіз жауды облыстық ТЖД-ден 4 адам мен бір техника, ерікті өрт сөндірушілер құрылымнан 10 адам МТЗ-80 тракторының көмегімен сағат 23.00-де сөндірді.

Бұдан басқа, сағат 23.43-те Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылында № 12 өрт сөндіру бөлімінен 27 шақырым қашықтықта Абай көшесі, 6 мекенжайында өрт орын алған. 60 шаршы метр аумақта шамамен 4 тонна шөп өртенген.

Облыстық ТЖД-ден үш адам мен бір техника жұмылдырылып, жалын сағат 00.59-да толығымен сөндірілді. Сондай-ақ М. Омаров ауылынан үш адам мен бір техника көмекке келді.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, өрт