Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Оның кореялықтарға жасаған үндеуі жергілікті JTBC NEWS телеарнасында көрсетілді.

Айта кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы қазақстандықтың Кореяда заңсыз жүргендіктен үлкен шу шыққан болатын. Оның тіпті автомобиль жүргізу құқықығы болмаған. Сондай-ақ ол оқиға орнынан қашып, одан кейін елден кетіп қалған. Кейін ол Павлодардан табылып, сот алдында жауап беруі үшін Оңтүстік Кореяға жөнелтілді. Енді ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл іс бойынша тыңдалымы ертең болады.

60 мыңнан астам адам қылмыскерді жазалауды талап етіп, Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің атына петицияға қол қойған.

Хат мәтіні:

«Мен, Қазақстан азаматшасы Корея еліне келген мақсатым: Корея елі халқынан, осы елде болған жол апаты үшін, жол апатынан зардап шеккен кішкентай бала үшін өз атымнан және ұлымның атынан басымды иіп кешірім сұраймын.

Менің ұлым өз қателігі үшін заң алдында жауап береді. Тек сіздерден өтінерім, жұмыла ел болып зардап шеккен кішкентай баланың амандығын тілейік. Сондай-ақ зардап шеккен кішкентай баладан және оның ата-анасынан ерекше аяқтарына жығылып кешірім сұраймыз. Құрметті зардап шеккен баланың ата-анасы! Мен сіздердің жағдайларыңызды Ана ретінде түсінемін. Осы болған жағдай сіздерді қатты күйзелтті. Мен де сіздердің ұлдарыңыздың амандығын бір Алладан тілеймін. Алдағы уақытта болатын операцияда сіздің ұлыңызға көмек көрсетуге дайынбыз. Сіздің ұлыңызға қандай да бір орган ауыстыру керек болса, менің ұлым және мен өз органдарымызды беруге дайынбыз. Ұлдарыңыз аман болуына және аман алып қалған Корея дәрігерлеріне алғысымыз шексіз».

pavlodarnews.kz

Тэги: