Облыстық Jaidarman лигасының өкілі Серікболсын Қинаятовтың айтуынша, облыс әкімінің Кубогына өңіріміздің Павлодар, Екібастұз және Ақсу командаларынан бөлек, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Көкшетау және Семей қалаларының ұжымдары қатысатынын растады.
- Ойын Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі, - дейді Серікболсын Қинаятов. – Көңілді тапқырлар клубының ойынына республикалық жоғары және премьер-лига командалары қатысады. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге.
Әділ қазылар алқасын «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен бастайды деп күтілуде.
Павлодар облысы әкімінің Кубогы 20 қарашада сағат 19:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Кіру тегін.
Айбек Жұматов
Тэги: Жайдарман, Jaidarman, КВН, жастар, мәдениет, Есен Елеукен