Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

АҚШ-тың ұлттық қорғаныс стратегиясы ұлы державалардың бәсекелестігіне қайта оралуына негізделіп отыр. Қытай мен Ресей қауіп төндіретін басты елдер. Экономикасы жедел дамып жатқан ҚХР анағұрлым қатерлі болып отыр, - делінген хабарламада.

Америка әскерилері сондай-ақ Қытай қарулы күштерінің қайта жаңғыртылып, мүмкіндіктерінің артып жатқанына да тоқталған.

6 қараша күні Пентагон басшысы Марк Эспер АҚШ-қа жасанды интеллект саласын кеңейтіп, дамытуды қолға алу қажеттігін айтқан. Оның айтуынша, Қытай мен Ресей әскери салада жаңа технологияларды пайдалунды кеңейте түскен.

pavlodarnews.kz

Тэги: