Бұл туралы Vringe хабарлады деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

IBF тұжырымы бойынша қазіргі чемпионы Головкиннің өкілдері боксшының 2020 жылы өткізетін кездесулерінің кестесі жасалғанын айтады. Отандасымыз 2020 жылдың 8 ақпанында чемпиондық белдігін қорғау мақсатында польшалық боксшы Камил шереметаға қарсы Чикаго қаласында жекпе-жек өткізеді. IBF польшалық боксшыны міндетті қарсылас етіп тағайындамаса да кездесу өткізу келісімшарты жасалып қойған.

Сондай-ақ 2020 жылдың мамыр айында Головкин мен Альварес арасында үшінші кездесу өткізу күтілген. Алайда, мексикалық боксшы ол уақытта GGG-мен жұдырықтаспайтынын айтқан. "Канело" тарапы кездесуді 2020 жылдың қыркүйегінде Сан-Антонио қаласында өткізуді ұсынған. Бұған GGG командасы әзірше келісімін берген.

Айта кетсек, Головкин мен Альварес арасындағы кездесулердің барлығы тек қыркүйек айында өткізілген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, 2017 жылғы кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: