Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

- 10 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың көрсеткішін 2,4 есе артығымен орындадық, - деді аймақ басшысы. - Нәтижесінде 1 бюджеттік теңгеге орташа алғанда агроөнеркәсіптік кешенге жеке инвестициялардың 4 теңгесі тартылады. Қазіргі уақытта жалпы құны 25,5 млрд теңгеге 73 инвестициялық жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның ішінен 6 млрд теңгеге салымдармен 33 объект енгізілді. Тереңкөл ауданында 600 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы ашылды және ағымдағы жылдың соңынан дейін 2320 басқа арналған 4 сүт фермасы енгізеледі.

Сондай-ақ өңір басшысы облыс аумағынан тыс ет өнімдері экспортына тоқталып өтті.

- Жыл сайын орташа алғанда 1,5 мың тонна жеткізіледі, - деді ол. - Ет негізінен Ресей Федерациясына жіберіледі. Осы жылы ет экспорты бойынша жоспарды 2 есе ұлғайттық. Қазіргі уақытта  ет пен ет өнімдерінің ең ірі өндірушісі - «Рубиком» компаниясы Қытай Халық Республикасына шошқа етін тікелей жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде. 65 мыңға арналған шошқа кешені есебінен облыс шошқа етін өндіру бойынша бірінші орынға ие. Осы кәсіпорын жергілікті нарықта етті өндіреді, қайта өңдейді және іске асырады. Бұған қоса, шамамен 25 мың тонна етті экспортқа жібереді.

Фото: Валерий Бугаев

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, экспорт