Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылған жиынның мақсаты - «Волонтерлік бастамаларды дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасы аясында бірыңғай волонтерлер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың белсенді қатысуын ынталандыру.

Ұлттық еріктілер желісінің үйлестірушісі Адель Ақажанованың мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың қыркүйек айында ЖОО студенттерін қоғамдық пайдалы қызметке тарту үшін платформаға «Әлеуметтік студенттік несие» модулі енгізілді. Жыл соңына дейін 8000 студент тіркеуден өтеді деп күтілуде.

- Студенттердің еріктілік қызметі 5 әлеуметтік бағыт бойынша жүзеге асырылады, - дейді Адель Ақажанова. - Оған балаларды инклюзивті оқыту, қарт адамдармен жұмыс, бос уақытты ұйымдастыру және девиантты мінез-құлқы бар балалармен жұмыс жатады. Жұмыс белгіленген ұйымдардың алаңдарында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ үйлестіруші жұмыстың жалпы көлемі таңдалған кредитке байланысты екенін атап өтті. Яғни бұл 20 немесе 50 сағат болуы мүмкін және сол жұмыс істеген әрбір сағаты үшін төлемақы алады. Тіркеу және студенттің алаңды таңдауы онлайн-платформа qazvolunteer.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

- Бірақ бұл жобаға барлық студенттер қатыса алмайды. Тек меморандумға қол қойған ЖОО-ның тәлім алушылары ғана қатысады. Қазіргі таңда өңірдің үш ЖОО-мен меморандумға қол қою үстіндеміз, - деді спикер. 

Айта кетейік, оқу бағдарламасы бір жылға қарастырылған. Тіркеу қыркүйек айында басталды және жыл соңына дейін жалғасады. Ал оқыту бірінші қаңтардан басталады.

Айгүл Жүсіпова

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: