- 13 қараша күні сағат 13.53-те «112» пультіне Павлодар қаласындағы Айманов көшесінде орналасқан пәтердің бірінде әйел адамның есікті ашпайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағы кезекші ауысымының құтқарушылары баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кірді, - дейді жедел-құтқару жасағы № 1 құтқару бөлімшесінің басшысы С. Төлегенов.

Оқиға орнында құтқарушылар еденде жатқан 1929 жылы туған әйел адамды тапты. Құтқарушылар алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсеткеннен кейін зардап шегушіні жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Мұндай жағдай Екібастұз қаласында да орын алды. 90 жастағы әйел адам жалғыз қалған. Пәтерге кіруді құтқарушылар қамтамасыз етті.  Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Айта кету керек, мұндай шығулар барлық жедел  шақыртулар санының 50 пайыздан астамын құрайды.

Осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жедел қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар жалғыз тұратын қарт адамдардың туыстары мен жақындарына пәтер кілттерінің дубликаттарын алуға кеңес береді.

 

Фото: ТЖД

pavlodarnews.kz

Тэги: