Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және республиканың ортасында қар жауады. Кей жерде тұман күтіледі, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: