- Күз-қыс мезгілінің келуімен адамдар қалалық автобус маршруттарында жылы киім, күртеше мен бас киім киген соң қалта ұрлықтары жиілеп кетті. Мысалы, биылғы жылы 13 қарашада 7-сынып оқушысының күртешесінің қалтасынан құны 175 мың теңге тұратын ұялы телефон ұрланды. Сондай-ақ сол күні 66 жастағы зейнеткер әйелдің сөмкесінен 104 мың теңге көлемінде ақша қаражаты, банктің магнитті картасы, жеке куәлігі бар әмиян қолды болды, - дейді департаменттің баспасөз қызметінде.

Аталған фактілер бойынша қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін іздестіру шаралары жүргізілуде.

Егер сіз адам толы көлікте, дүкендерге немесе басқа да адамдар көп жерлерге барғанда мұқият болсаңыз, қалта ұрыларынан сақтануыңыз мүмкін.

Бұл ретте бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек:

* Портмоне немесе әмияндар киімнен көрінбеуін және сол арқылы өзіне назар аудармауын қараңыз.

* Сөмкеңізді жауып жүріңіз. Адамдар көп жиналатын жерде оны өзіңізге жақын ұстаңыз.

* Ешқашан ақша салынған сөмкені сатып алуға арналған арбаға немесе балалар арбасына қоймаңыз.

* Әмиянда несие картасынан пин-код жазылған жазбаны сақтамаңыз және де оны картаның өзінде жазбаңыз.

* Жақын арада жақындауға тырысатын адамдарға, артынан немесе жанынан келіп тұрған адамдарға назар аударыңыз.

* Егер қалта ұрысы Сіздің мүлкіңізді ұрласа, онда сізге қаскүнемнің сыртқы келбетінің белгілерін: киген киімі, шамамен бойы, жасы, денесі мен қылмыскер қандай бағытта жасырынғанын есте сақтау қажет. Болған оқиға туралы дереу полицияға хабарлаңыз. Полиция қызметкерлерін сол жерде күтіңіз. Қылмысты ашуға полиция органдарына уақытында жүгіну, сондай-ақ қылмыскердің сыртқы келбетін нақты және толық сипаттау кепіл болып табылады.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, ұрлық