Қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Латын графикалы жаңа емледегі жаңалықтар» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

- Семинар барысында оқытушыларға жазудың ұлттық бірегейлігі, жаңа жазудың бұқаралық сананы қалыптастырудағы қызметі мен маңызы туралы баяндалды, - деді басқармада. – Сонымен қатар тілдің жазба және ауызша түрінің айырмашылығы, жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы, қазіргі айтылым нормалары мен жазудың арақатынасы, қазақ тілі емле ережелеріндегі дәстүрлі жазу нормалары, жаңа емле ережесіндегі тараулар, параграфтар, ескертулер бойынша толыққанды мәлімет берілді.

Семинардың мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып, қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру. Сондай-ақ жаңа ұлттық әліпбиді енгізу және көшу кезеңдерінде кездесетін негізгі аспектілер мен мәселелерді шешу жолдары туралы ақпарат беру.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, латын әліпбиі, қазақ тілі, мұғалім, семинар